Колониализм

Мемлекеттер тобының дүниежүзінің басқа елдеріне үстемдік етуі. Мұндай жағдай XVI–XX ғасырларда болды.




Дамыған елдер экономикасы нашар елдерді отарлады, азаматтарын әскер не жұмыс күші қылды, ел аумағы мен ондағы табиғи және басқа да ресурстарды нарыққа, табыс көзіне айналдырды. Колониализм деген — осы.


«Үшінші әлем» аталатын елдерді басып алу, өзіне қарату үстем мемлекеттің империялық беделін арттырды. Державаларға отар болған елдер колония, ал отарлаушы елдер олардың метрополиясы деп аталады. Отар елдердегі халықтың өркениеті, мәдениеті, тілі үстемдік етуші ел — метрополияның ықпалына ұшырады, ондай халық ұлттық сана-сезімінен, болмысынан айырылады.


Өткен кезеңдерде Испания, Португалия, Франция, Бельгия мен Ұлыбритания Латын Америкасындағы, Африкадағы, Оңтүстік Азиядағы дамушы елдерді колонияға айналдырды. Қазіргі Үндістан, Пәкістан, Бангладеш пен Мьянма бір кездері Ағылшын Үндістаны (Ұлыбритания) деп аталған колония болды. 1910–1945 жылдары Корея да Жапонияның колониясы ретінде тіршілік кешті.


Дүниежүзі өткен ғасырдың 60-жылдарынан бері колониализмнен азат делінеді. Дегенмен бұрынғы колониялар экономика мен саясат жағынан метрополияларына әлі де тәуелді.



17/02/2021 15:40 6000 0

17/02/2021
15:40 6000 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление